Бүгін аптаның бесінші күні, тергеу мекемесінің сәлем-саухат қабылдайтын бөлімі қызу жұмыс жасауда. Яғни, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде жұмыс күндері, тіпті, демалыс күндерге қарамай айыпталушы азаматтардың жақындары келіп сәлем-сауқат өткізеді. Күнделікті күнде келушілер санының көптігіне байланысты қызметкерлер кейде қауырт жұмыстан үлгере алмайды.
Таңғы 08:00 ден басталатын қауырт күн қызметкерлер үшін 19:00 де аяқталады. Бұл уақыттарда барлық сотталған азаматтардың атына келген тағамдарды мекеме қызметкерлері жіті тексеріп, қабылдап алады. Мекемеге кірместен бұрын ең алдымен кіре берістегі бақылау пунктінен өтеді. Сондай-ақ, сотталған азаматтардың артынан іздеп келушілерге арнайы келу керек күн тәртібі мен уақыты және тағамдар қандай түрде әкелу керек туралы үлгі көретілген. Сол бойынша сырттан келуші азамат пен азаматшылар мекеме заңына сай талаптарды орындайды. Егерде қандай-да бір күдікті зат табылған жағдайда сәлем-сауқат әкелген азаматтың үстінен сот үкімінен арыз-шағым жолданады. Алайда, соңғы уақыттарда тергеу мекемесінде тиым салынған заттар табылып жатқан жоқ. Бұл дегеніміз мекеме қызметкерлерінің тыңғылықты жұмыс атқарып жатқанының белгісі. Бүгінде жұмыс апта ішінде бес жүзге жуық сәлем-саухат қабылданады.
- Қазіргі таңда күнделікті жүзге жуық келушілерден қомақты сәлем-сауқат қабылданады. Ең алдымен мекеме заңына сәйкес келушілерден жеке басын куәләндыратын құжатты талап етеміз. Кейін, сәлем-сауқат әкелушіден тізім бойынша қабылдап аламыз. Әкелген тағамдардың әрбірін жеке тексеріп, яғни, нан мен шұжықты бірнеше жерден кесіп, жеміс-жидектерді ортасынан қақ бөліп, шылым мен бір реттік қолданылатын шәйдың ішін ашып қараймыз. Және де қатық пен сусындарды арнайы темір құрылғымен толыққанды тексеріп аламыз. Барлық жеуге жарамды тағамдардың барлығы таза болған жағдай да ғана камерадағы иелеріне беріледі – дейді, Режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет сержанты Сақтағанов Қанат Өмірбайұлы.
Мөлдір Жолдасбекқызы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!