Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімінің бастамасымен «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризимнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндірмелік шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшесі, журналист-теолог, ҚР журналистер оқағының мүшесі Сәкен Салтан өңірімізге келді. Іссапар барысында маман Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті «№60 мекемесінде» болып, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында сотталған азаматтармен кездесіп, «Нәпсімен күресу» және «Бірлікке шақыру» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, сотталған азаматтардың өтініші негізінде жеке қабылдау өткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!