Жұма, 22 қараша, 20:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Сотталған азаматтармен оңалту жұмыстары жүргізілуде

04.10.2021

761 0

Түзеу мекемелеріндегі теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобы қызметкерлерінің негізгі мақсаттарының бірі оңалтылатын адамдарға мақсатты, үздіксіз, жеке идеологиялық, алдын алу профилактикалық және әлеуметтік-тәрбиелік ықпал етуді қамтамасыз ету жолымен радикалды көзқарастан арылту болып табылады. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының жұмыстары бір жолға қойылған.

Жуырда мекеменің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобы инспекторлары мен облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, облыстық «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы мекемеде жазасын өтеп жатқан деструктивті діни ағым ұстанушы сотталғандармен келелі кездесу өткізді. Кездесу барысында С.Алдашбаев сотталғандарға өзінің 10 жыл бойы зерттеп жүрген тақырыбы бойынша, яғни, жазып жатқан «Салт пен сана» атты кітабынан дәріс жүргізді. Онда баяндамашы қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Ислам дінінің сабақтастығы жайында әңгіме қозғай отырып, сан ғасырлар бойы ата-бабамыз ұстанып келген салт-дәстүрімізлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың түп-тамыры Ислам дінінің шарттарымен біте қайнасып жатқандығын нақты дәлелдермен жеткізіп берді.

Сұхбат барысында «Жеті ата қайдан шыққан?», «Тұсау кесу Аллаға серік қосу болып табылады ма?» «Ата-бабамыз үкінің аяғын бесікке не үшін ілген? Ол шариғатқа қайшы ма?», – деген сұрақтар бойынша бойынша әңгіме жүргізілді. Сотталған азаматтар сұхбат барысында келтірілген дәлелдерге көңілдері толып, жақсы әсерде отырды. Сұхбат соңында сотталған азаматтар қазақ халқының ырымдары мен салт-дәстүрге қатысты өздерін қызықтырған сауалдарын қоя отырып алдағы уақытта да осындай кездесулердің жиі болып тұруын қалайтындықтарын жеткізді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: