Жұма, 27 желтоқсан, 12:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар арасында мерекелік шара өтті

09.03.2023

675 0

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен №37 мекемесінде жаза мерзімін өтеп жүрген азаматшаларда назардан тыс қалмады. Мекеменің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтіп, мерекелік құттықтау тілектері айтылып, гүл шоқтары ұсынылды.

  • Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, әйел азаматшаларға арнап, мекемедегі жазасын өтеушілер белсенділік танытып, ер азаматтар арасынан бірі өлең оқыса, бірі ән айтты. Қазіргі таңда мекемеде 13 азаматшаны жазасын өтейді. Сотталғандардың барлығы мекеменің ішкі күн тәртібіне бағынып, мерекелік мәдени шараларға белсене қатысады. Жаза басып жаңылған азамат пен азаматшаларды қайта қоғамға бейімдеуге тәрбиелік жұмыстар үздіксіз жүргізіліп тұрады. Әр мереке сайын спорттық шаралар, тренингтер, психологиялық көмектер, мәдени шараларды өткіземіз. Мәдени орындарға, облыстық кітапханаларға да жиі апарамыз. Біздің басты мақсатымыз- сотталғандарды қоғамның толық құқылы мүшесі әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруіне, қоғамда өз бетінше өмір сүруіне оралуына көмектесу»,- деді тәрбие бөлімінің бастығы А.Уайдаев.
  • – Темір торда отырғаныма бір жылға жуықтады. Жазамды өтей жүріп бостандықтың, отбасымның қадірін түсінеді екенсің. Қиын болғанымен қылмыстың өтеуі жаза екенін білеміз. Мекеме қызметкерлері құқықтық көмек көрсетіп, мәдени шараларға қатыстырғанымын отбасыңның жанында жүргеніңе жетпейді . Мерекеге орай жақсы көңіл күй сыйлап, жылы лебіздерін білдірді. Жазамды өтеп отбасыма тезірек оралсам деген арманым бар»,- сотталған азаматша.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: