1мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа 30-ға жуық сотталған қатысты. Қатысушылар төрт командаға бөлініп, жарыс көркін қыздырды. Спорттық жарыс өте тартысты өтті. Тартысты да қызықты өткен жарыста командалық есеп нәтижесінде 1-орынды “Достық” командасы алса, екінші, үшінші орынды “Дода» мен “Бейбіт” командалары өзара бөлісті. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
– Мекемеде жазасын өтеуші азаматтармен түрлі деңгейлердегі спорттық жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып тұрамыз. Сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген спорттық шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді.Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шаралар да алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, – деді мекеме тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспекторы А.Абдрашитова.
– Бүгінгі спорттық ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Мекемеішілік мәдени және спорттық шараларға белсене қатысамын. Өнерден де кенде емеспін домбыра тартамын, өлең айтамын. Футболды мектеп жасынан ойнаймын. Бүгінгі жарыста командамыз белсенділік танытып, бірінші орын алдық. Ұйымдастырушыларға алғысым зор, – деді сотталған азамат.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!