Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде сотталғандар арасында облыстық Дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының демеушілігімен «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында шығармашылық сайыс өткізілді.
Аталған шараға 12 сотталған қатысып, қазақ және орыс тілдерінде өз отбасылары жайлы шығарма жазды.
«Мекеменің теолог мамандары ұйымдастыратын шараға барынша жиі қатысуға тырысамын. Бүгінгі шығармашылық сайыс отбасы тақырыбында болды. Шығарма жазу барысында отбасымның жанында өткен сәттерге қайта оралғандай әсерде болдым. Әр жазған сөзім жанұяма деген сағынышымды одан әрі күшейте түскендей. Әркез есімізден шықпайтын жақын жандарымыз жайлы ойдың барлығын қағаз бетіне түсіруге себеп болған мекеме қызметкерлеріне алғысымды білдіремін», – деді сотталған азамат.
Жазылған шығарманы арнайы мамандар тексеріп, үздік деп танылған І, ІІ және ІІІ орын алған сотталғандарды 5000, 4000 және 3000 бірлікті, қалған қатысушыларды ынталандыру сыйы ретінде 2000 бірлікті «тарлан карт» карталарымен марапаттады.
Шара соңында сотталған азаматтар мекеме әкімшілігі мен дін істері басқармасына өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай шараның көптеп өтуін сұрады.
Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!