Сенбі, 28 желтоқсан, 12:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар арасында спорттық шара өтті

28.10.2024

430 0

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай, «Pro Bono» Қоғамдық қоры мен 37 мекемесінің тәрбие бөлімі спорттық жарыс ұйымдастырды.
Жарысқа Гір тасын көтеруден 20 сотталған, арқан тарту жарысына 4 команда және футболдан 5 команда қатысты.Тартысты өткен жарыста сотталғандар белсенділік танытты. 24кг гір тасын 50 рет көтерген жазасын өтеуші жүлделі 1орын иеленсе, 38 -30 рет көтерген сотталғандар екінші,үшінші орынды өзара бөлісті. Ал ұлттық ойынның бірі- арқан тартыста күш пен ұйымшылдықтан құралған «Батыс» командасы жеңіске жетті. Тартысты өткен жарыс шағын футболмен жалғасты. Футболға 5команда қатысып, жарыс көркін қыздырды. Жазасын өтеушілер жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті.Жарыс нәтижесімен жүлделі орындарға ие болған командалар «Pro Bono» Қоғамдық қорының алғыс хатымен марапатталды.

  • Жазасын өтеушілермен мекемеде бірнеше бағытта тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі. Оның ішінде, дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді. Дене тәрбиесі – бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақыттарын тиімді өткізуге бағытталған маңызды элементтердің бірі.Бүгінгі өткізілген іс-шаралар сотталғандар арасында спорттық белсенділікті ынталандырып қана қоймай, олардың әлеуметтік бейімделуіне де оң әсерін тигізеді,-дейді тәрбие бөлімінің бастығы Бауыржан Сәметов.
  • Бүгінгі спорттық жарысқа белсене қатыстым. Спорттық шаралар біздің ойымызды бөліп, өмірге деген көзқарасымызды өзгертеді.Гір тасын 50 рет көтеріп жеңімпаз болдым.Жарыс өте тартысты өтті.Барлығы өздерінің күшті екендіктерін көрсетіп жатыр.Командалық жарыста да жүлделі орын алдық.Жаза басып жаңылған азаматтарға ерекше көңіл күй сыйлап,спорттық шараға белсенділік танытуымызға ықпал жасаған ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, -деді сотталған азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: