Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінің АКАӘПТЖБ бөлімінің психолог маманы әділет капитаны Айзат Мырзалының ұйымдастыруымен шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтар арасында «Түйме терапиясы» өтті.
Бұл шарада сотталған азаматтар түрлі-түсті түймелерді таңдау арқылы болашаққа деген көз-қарасын айқын баяндап, өз ойларын жеткізе білді. Түймелерді не себепті таңдағаны, оның қандай ерекшелітері бар екендігі жайында психолог маманмен әңгімелесті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!