ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сотталған азаматтар арасында «Үздік психологиялық газеті» топтық сайысы өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеуші азаматтарды ұйымшылдықпен берілген тапсырманы орындауға, көздеген мақсатына жету үшін өз ойларын қағаз бетіне сурет арқылы бейнелеп жеткізу.
Сотталғандар арасында алдын-ала жасақтар бойынша біріккен түсіндірме және үгіт жұмыстары жүргізіліп, сотталғандардың назарына алдын-ала байқауды өткізу ережесі мен шарттары жеткізілді. Байқауға мекеме бойынша барлық жасақ сотталғандары қатысты. «Үздік психологиялық газеті» топтық сайысына сотталған азаматтар белсене қатысып, өздеріне берілген тапсырманы жақсы деңгейде орындап, өз ойлары мен ішкі сезімдерін толық жеткізе алды.
Сайысқа қатысушылардың өнеріне Қызылорда облысы «Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының психологы А.Аяғанова, сотталғандар арасында әлеуметтік психолгиялық тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет майоры А.Өскенбаев, мекеменің мемлекеттік тілде аудармашысы А.Бакирова қазылық етті.
Сайыс соңында Қызылорда обылысы «Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының психологы А.Аяғанова белсене қатысқан топтарға алғыс білдіріп алдағы уақытта осындай шараларға белсене қатысуға шақырды.
А.Жүсіпбеков,
Аға инспектор психологы, әділет капитаны
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!