Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар еңбекке тартылды

24.05.2023

722 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің қызметкерлері таңертең сотталғандарды бір сапқа жинап, мекеменің өндірістік аймағына жұмысқа шығарады. Бірінші кезекте атқару парақтары бар, яғни мемлекетке және жеке тұлғаларға қарыздары бар сотталғандар мекемеде өз кәсібін ашып отырған кәсіпкерлерге жұмысқа орналастырылады.
«ҚР – ның Президенті әкімшілігі басшысының 15.07.2013 жылғы №1126-2 ІІБ санды «Сотталғандардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру бойынша» тапсырмасының негізінде, түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталған азаматтарды арнайы кәсіптік білім алу мақсатында, түзеу мекемесінде орналасқан кәсіптік-техникалық колледжі сотталғандарға түрлі мамандықтағы кәсіптік білім беру бағыты бойынша 2013 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді» – дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Қалиев Бағлан.
Сондай-ақ, бас бостандығынан айырылған азаматтардың бұл еңбегі – тәрбиелік ықпалмен қатар, жазаны міндеттеушінің бірі. Жазасын өтеушілерді еңбекке тарту негізінде қылмыс жасаған кезде келтірілген шығындары мен зардаптарының орнын толтыру міндеттілігі де жатыр. Осы себептермен жыл басынан бері шаруашылық бөліміне қалдырылған оннан астам сотталған сот белгілеген шығындарын айлық жалақысынан ұстау барысында толықтай өтеп, төлеп шықты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: