Сейсенбі, 18 наурыз, 22:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20,2133
18.03.2025
PDF мұрағаты

Сотталғандар психологиялық тренингтен өтті

31.01.2025

299 0

Бүгін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37-мекемесінде психолог маманның ұйымдастыруымен сотталғандарға арналған тренингі өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – сотталғандардың психологиялық жай-күйін жақсарту, қоғамға қайта бейімделуіне көмектесу.
Тренинг барысында қатысушылар өз эмоцияларын басқаруды, ішкі жан дүниесін реттеуді және болашаққа оң көзқараспен қарауды үйренді.
Сонымен қоса тренинг аясында әртүрлі психологиялық әдістер мен жаттығулар жүргізілді.
Психолог маманның айтуынша, сотталған азаматтар көбіне өткен өміріндегі қателіктерін кешіруде қиындық көреді. Бұл тренинг олардың өткенді қайта саралап, жаңа өмір бастауына мүмкіндік береді. Қатысушылар өздерін жеңіл сезініп, болашағына мақсаттар қойып, соған жету үшін бар күш – жігерлерін салады.


“Бұл тренинг менің өзімді және қателіктерімді түсінуге көмектесті. Бұрын өткенді көп ойлап, өкініштен арыла алмадым. Ал қазір алға ұмтылу керектігін сезіндім», – деді сотталған азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: