Бейсенбі, 28 қараша, 19:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар жәбірленушілерге өтемақы төледі

09.11.2023

705 0

Пробация есебіндегі 34 сотталған сот үкімімен жәбірленушілердің өтемақы қорына төлем төледі
Сот жәбірленушілердің құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қылмыс жасап кінәлі деп танылған адамнан сот үкімімен жәбірленушіге белгілі бір сумманы өндіруді міндеттейді. Бүгінгі күнге дейін Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді уақытылы өндірмей жүрген 8 сотталған болған.
Аталған сотталғандардың сот үкімін орындамай әкімшілік жауапкершілікке тартылуының алдын aлу және оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, аудандық прокуратура, жеке сот орындаушысы және пробация қызметі бірлесіп олардың мекенжайлары бойынша сотталғанға және оның туған туыстырына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Соның бірі Қармакшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған «Ж» есімді азамат. Ол бөтеннің автокөлігінің ішінде тұрған ұялы телефонды көріп, өзінің іс-әрекетін ешкім бақылап тұрмағандығына көз жеткізіп, автокөлік жүргізуші жақ есігін ашып, көлік құралына заңсыз кіру арқылы жәбірленушінің құны 115 000 тенге тұратын «Хinomi» 11 Lite ұялы телефонын жасырын жымқырған яғни ұрлық қылмысымен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жасы тағайындалып, оған жәбірленушілерге өтемақы қорына 69 000 теңге мәжбүрлі төлем өндіру
міндеттелген.

«Ж» есімді сотталған сот үкімімімен міндеттелген мәжбүрлі төлемді жәбірленушінің өтемақы қорына уақытылы өндірмеуіне байланысты, оған міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірілді. Нәтижесінде жоғарыда аталған 8 сотталғанның 5-еуі бір күндік мерзімде тиісті мәжбүрлі төлемдерді өтесе, қалған 3 сотталғанға төлемдерді өтеуі үшін бір апталық уақыт берілді.

Жалпы жыл басынан Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем міндеттелген 34 сотталғаннан төлемдер өндірілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: