Жұма, 22 қараша, 21:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандарды жұмыспен қамту бағытында ауқымды шара өтті

26.01.2023

431 0

Қызылорда облысы прокуратурасы және ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен департаментке қарасты №60 мекемесінде « Ашық есік » күні өтті.

Аталған шараға «Атамекен » кәсіпкерлер палатасы және қаладағы шағын орта кәсіпкерлік субьектілері және БАҚ тілшілері қатысты.

Өткізілген іс-шараның мақсаты – жеке кәсіпкерлер арқылы мекеменің өндіріс аймағынан әртүрлі жұмыс көздерін ашып, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту. Осы мақсаттарды орындау барысында алдымен ҚАЖ департаментінің бастығы, әділелет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлы жеке кәсіпкерлерге түзеу мекемелерінде кәсіп ашудың жеңілдіктері мен мүмкіндіктері жайлы айтып түсіндірді.

Сондай-ақ департамент басшысы қатысушы кәсіпкерлерді мекеменің өндірістік аймағынан өз кәсіптерін ашуға шақырды. Бұдан соң, Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Төлегенов Исламбек Тынарбайұлы сөз сөйледі.

  • Мемлекет басшысы өз жолдауында азаматтардың әлеуметтік жағдайын түзету, мемлекетіміздің басты бағыты ретінде айқындаған болатын. Сондықтанда, бас прокаратураның тапсырмасына сәйкес, облыстық прокуратурамен бірлесе отырып, түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамту бағытында тиісті департамент басшыларымен бірге жұмыс жүргізіп келеміз. Бүгінгі іс шараға шағын және орта бизнес өкілдерін тарта отырып, түзеу мекемелерінің аумағынан жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етпекшіміз. Бұндай іс-шаралардың жұмыссыз сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, уақыттарын тиімді пайдаланылуына және үкім бойынша жүктелген қарыздарды өтеуіне игі ықпалы зор. Өйткені, қарызы өтелінген сотталғандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жаза түрін жеңіл жаза түріне өзгертуіне мүмкіндіктері бар – деді Исламбек Тынарбайұлы.
Сотталғандарды жұмыспен қамту бағытында ауқымды шара өтті

Сонымен қатар Қызылорда облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Алмас Махмуд Ақтанұлы қазіргі кезде №60 мекемесінде 155-ке жуық сотталған РММК « Еңбек-Қызылорда» филиалы мен 12 жеке кісіпкер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмысқа орналасқанын тілге тиек етті.

Шараға келген кәсіпкерлерге сотталғандардың қолымен жасап шығарған өнімдерінен көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ағаш өнімдері, қолөнер бұйымдары, газоблок, пенаблоктар қойылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: