Қызылорда қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінде
сотталған азаматтарды өмірге деген көзқарасын өзгерту, жақсарту мақсатында мекемеде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту арқылы еңбегін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Өндірістік аймақта бос ғимараттарды сенімгерлік басқаруға беріледі. Нысанды жалға беру 0%-ды құрайды. Жалға алған өндірістік белгіленген орынға ғана коммуналдық жүйеге су, жарық үшін төлем төйлейді. Сондай-ақ, өндіріске күзетші жалдаудың қажеті жоқ. Сотталғандар арасында дайын білікті жұмысшылар жетерлік. Ал, айлық жалақы бойынша мөлшерлеме белгіленген. Қылмыстық-атқару кодексінің 119-бабының 1 бөлімінде көрсетілгендей олар жұмыс істеуге құқылы. Осы баптарды іске асыру барысында мекеменің өндірістік аумағын жалға алып, кәсібін дөңгелетіп отырған 12 жеке және ЖШС сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр. Солардың бірі- «Еңбек» РМК , «Еңбек-Қызылорда» филиалы мекеменің өндірістік аумағында газаблок, пескаблок, бетон, дәнекерлеу, тігін, қолөнер цехтары бойынша жұмыстарын атқаруда.
– Сотталғандарды жұмысқа орналастыру кезінде олардың жасына, денсаулық жағдайына, еңбекке қабілеттілігіне қарай жұмысқа орналастырамыз. Қәзіргі таңда мекеменің өндірістік аймағының жұмыспен қамту орталығында 463 сотталған азамат еңбек етіп, жалақыларын уақытылы алып отыр, – дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны А. Абдреймова
Жалпы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың ақылы жұмыспен қамтылуы тек сот шығындарын өтеу, отбасыларға жалақы бағытында қолдау көрсету ғана емес, сонымен қатар жазасын өтеушілердің түзету жолына түсуіне ықпал ету болып табылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!