Сенбі, 28 желтоқсан, 06:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі жүргізілуде

21.09.2023

420 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар жұмыспен қамтылуда.
Олар қала ішіндегі 27 жеке кәсіпкерлерде келісім-шарт негізінде жұмыс жасайды.
Мекемеде жұмыспен қамтылған 135 сотталғанның 15-і жуырда «Спецмонтажстрой» жеке кәсіпкерлге жұмысқа орналастырылған.Оларды жұмысқа қабылдаған жеке кәсіпкерлер ҚР Еңбек кодексінің 181-182-бабының талаптарына сәйкес сотталғандарды арнайы киіммен қамтамасыз етеді.Қазіргі таңда 15 сотталған бағбандық және автокөлік жөндеу жұмыстарын жасайды.
[Ал «Аружан» жеке кәсіпкеріндегі сотталғандар есік жасаумен айналысады.
Олар замануи ағаш есіктер,темір есіктер жасайды
Мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты Е.Шаметтің айтуынша мекемеге қабылданған сотталғандарды еңбекпен қамту мақсатында жұмысқа орналастыруға тырысамыз. Алдымен атқару парақтары бар сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етеміз. Сотталғандар уақытылы тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін қала ішіндегі жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізіп тұрамыз
Жұмысқа орналасқан сотталғандар жалақыларынан мемлекет алдындағы,жеке және заңды тұлғаларға берешектердің өтейді. Жалақыларынан отбасыларына жіберіп отырған сотталғандар бар,-дейді әділет лейтенанты Естай Шамет

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: