Жұма, 27 желтоқсан, 10:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандарды жұмысқа орналастыру қарқынды жүргізілуде

26.12.2021

1193 0

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі сотталғандардың 83 пайызы жұмыспен қамтылған. Олардың бірі жиһаз жасау цехында жұмыс жасаса енді бірі техникалық орталықта машина жөндеумен айналысады. Сотталғандар мекемеге келгеннен бастап оларды жұмысқа орналастыруды сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі жүзеге асырады. Жуырда тағы үш сотталған техникалық орталыққа жұмысқа орналастырылған. Олар арнайы техникалар мен жүк көліктерін жөндейді. Олар күннің суығында бокста, ал күн жылынғанда далада белгіленген уақыт бойынша 8 сағат көлемінде еңбек етеді. Жазасын өтеуші Бауыржан осы орталықта жүк көліктерін жөндеумен айналысады. Ол абайсызда жол көлік апатына ұшырап, сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазір темір тордағы күндерін құр өткізбей, техника тілін жетік меңгергендігі өзіне көмек болып, осы орталықта еңбек етуде.

«Қылмыстың өтеуі –жаза. Жазамды өтеп жатырмын. Өкінішім де жоқ емес. Масаң күйде көлік жүргізуге болмайтынын біле тұра көлік жүргізгеніме өкінемін. Отбасым бар, балаларыма алаңдаймын. Мекеменің ішкі күн тәртібіне сәйкес балаларыммен телефон арқылы сөйлесіп тұрамын Мекеме қызметкерлері жұмысқа орналастарды. Айлық жалақымыз да уақытылы»-,дейді жазасын өтеуші.

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Бағлан Қалиевтің айтуынша мекеме әкімшілігі жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізіп, мекемедегі жазасын өтеушілерді 100 пайыз жұмысқа орналастыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бірінші кезекте мемлекет алдындағы, жеке және заңды тұлға алдындағы берешектері бар сотталғандарды жұмысқа орналастырамыз, олардың айлық табысынан 50 пайызға дейін берешектері ұсаталып, туған- туыстарына да көмектесіп жатқандар да бар дейді әділет аға лейтенанты Б.Қалиев.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: