Дүйсенбі, 03 ақпан, 18:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8, 2121
01.02.2025
PDF мұрағаты

Сотталғандарға психологиялық қолдау көрсетілді

03.02.2025

9 0

Дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ психолог маманы М.Қаржаубай, АКАӘПТЖББ-нің аға инспектор-психологы, әділет капитаны А.Мырзалы және теолог, әділет аға лейтенанты Р.Рузиевтердің ұйымдастыруымен оқшауланған аймақта жазасын өтеп жатқан және босатылуға дайындалып жатқан сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық және психологиялық сұхбат жүргізілді.

Бұл кездесудің басты мақсаты – сотталған азаматтарға психологиялық қолдау көрсету, олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмек беру және қайта қылмыс жасамауға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сұхбат барысында психолог М.Қаржаубай сотталған азаматтардың психологиялық жағдайын зерттеп, олардың ішкі күйзелістерін жеңу жолдарын түсіндірді. Әділет капитаны А.Мырзалы мен әділет аға лейтенанты Р.Рузиев сотталған азаматтарға заң тұрғысынан кеңес беріп, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді. Сонымен қоса пробациялық бақылау, әлеуметтік жәрдем алу мүмкіндіктері айтылды.

Алдағы уақытта да осындай әлеуметтік-құқықтық және психологиялық қолдау шаралары жалғасатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: