Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандарға психологиялық терапия жүргізілді

09.12.2024

162 0

     Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасы №60 мекеме психологтары жазасын өтеп жатқан сотталғадарға ойын терапиясын жүргізді.

    Ойын терапиясы –арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияны жүргізу әлеуметтік психологиялық мәселелерді жеңу үшін, күйзелістен шығу үшін емделудің бір тәсілі ретінде қолданылады. Сонымен қатар адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтары әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады. Мекеме психологтары мұндай терапияларды сотталғандармен психологиялық  сауықтыру  мақсатында жие жүргізіп отырады.

         Бүгінгі ойын барысы сотталғандармен  шағын ойыншықтарды  қолдану арқылы  жад есте сақтау қабілеттерін, зейінді жақсарту мақсаттында жүзеге асырылды. Есте сақтау ойындарын ойнау күнделікті күйзелістерден психикалық үзіліс береді және стресс пен алаңдаушылықты жеңілдетеді.

         Мекеме психологы Сәбитбекқызы Салтанаттың айуынша «көптеген адамдар өз эмоциясынан ұялып, оларды жасырады, бірақ одан  эмоция жоғалып кетпейді, олар біздің ішімізге жиналады, ал осындай терапиялық ойындар эмоцияны босатуға мүмкіндік береді»- дейді.

         №60 мекеме баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: