Бүгін Қызылорда қаласы ҚАЖД-не қарасты 60 мекемесінде сотталғандар арасында әлеуметтік – психологиялық тәрбие жұмысы бөлімнің психологиялық қамтамасыз ету тобының психологтары сотталғандармен «Қарым – қатынас, өзара іс – қимыл және өзара түсіністік» тақырыбында тренинг өткізді.
Шараның мақсаты – жазасын өтеуші азаматтардың өз мінез – құлқын сырттан бағалай отырып, өзін басқалармен салыстыру және нақты жағдайларда қарым – қатынасын түзету, сонымен қатар тренинг барысында оң көңіл – күйді сақтай отырып, ішкі сезімдерімен еркін бөлісуге дағдыландыру.
Шара барысында жазасын өтеуші азаматтар өз шеберліктерін пайдалана отырып, ойын жаттығу әдісіне қызығушылықпен қатысып, алған әсерін жеткізді.
– Өткенге өкінгенмен уақыт қайта келмейді. Сондықтан өзгеге кешіріммен қарап, өзіміздің қателіктерімізді түсініп оны түзетуге бел байладым және менің түзелу жолыма үлкен үлесін қосып, атсалысып жүрген психологтардың қызметіне де алғыс білдіремін деді, – сотталушы.
Қорытындылау барысында шеринг әдісі қолданылды.
ҚАЖД 60 мекемесі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!