Кеше Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде сотталғандарға психолог мамандар тренинг ұйымдастырды. №68 мекемесінің психологтары Айзат Мырзалы мен С.Омарбек жазасын өтеушілермен «Менің бостандықтан кейінгі өмірім», «Менің болашағым» тақырыбында жұмыс жүргізді.
Сотталған азаматтардың өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың өздеріне деген сенімділікті нығайтуға бағыт – бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған тренингте психолог мамандар сотталғандармен психологиялық жаттығулар мен психодиагностикалық зеттеу жұмыстарын жүргізді. Жазасын өтеушілер тренингке белсенділікпен қатысып, өз ойларын ортаға салып, жасаған қателіктеріне өкініп, бостандықтың қадірін кеш түсінгендерін жеткізді.
«Бүгінгі өткізілген тренингтен кейін, бойымда өз-өзіме деген зор сенімділік пайда болды. Біз сияқты жаза басып, жаңылған азаматтарға осындай тренингтердің берері мол. Алға қойған мақсатыма жету жолында барынша еңбектеніп, талпынып, отбасыма, айналама пайда келтірер азамат болуға деген сенімім артты»,- есептегі сотталған.
«Сот үкімімен мекемеге жазасын өтеуге жіберілген әрбір азаматпен келген күннен бастап үздіксіз жұмыс жасаймыз. Психологиялық көмек, түрлі тренингтер өткіземіз. Шалыс басып, темір торға тоғытылған жандармен психологиялық жұмыстар жасау барысында өмірге деген көзқарастары өзгеріп, болашаққа сеніммен қарай бастайды. Бұл жерде жазасын өтеп жатқандардың да тағдырлары да әр түрлі. Көбіне абайсызда жол-көлік оқиғасын жасағандар жазасын өтейді. Мекемедегі жазасын өтеушілердің барлығына бірдей қарап, көмек көрсетеміз »,- дейді мекеменің психолог маманы Ақгүл Аманова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!