Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандарға «құм терапиясы» жүргізілді

14.11.2024

278 0

№60 мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог қызметкерлері жазасын өтеушілер арасында «Құм терапиясын» өткізді. Құм терапиясы психология аясында пайда болған психотерапия әдістерінің бірі. Бұл әлеммен және өзімен қарым-қатынас жасау тәсілі. шараның негізгі мақсаты ішкі шиеленісті жеңілдету, өзіне деген сенімділікті арттырады және дамудың жаңа жолдарын ашады. Құм терапиясы терең, шынайы өзін-өзі ұстауға, психикалық тұтастықты қалпына келтіруге, өзінің ерекше бейнесін және әлем бейнесін жинауға мүмкіндік береді.
Шара барысында жазасын өтеуші азаматтарға психологиялық тренинг жаттығуларын жүргізе отырып, өз ойларынша түрлі суреттер салып, танымдық ойындар өткізу арқылы ашық пікірталас ұйымдастырылды.
Мен «құм терапиясы» арқылы балалық шағыма саяхаттадым. Балалық шақ ең бақытты уайымсыз кезең. Өткен шақтың бақытты сәттерін еске алу керемет сезім сыйлайды. Әрі ойымыз бен ішкі сезімдерімізді әңгімелеу барысында босаңсып, жеңілдеп қалдым. Бізге осындай көңіл күй сыйлаған психолог мамандарға алғысымыз шексіз деді,-сотталған.
Аталған терапия арқылы адамның шығармашылық, танымдық, интеллектуалдық карым-қатынас құзіреттілігі дамиды. Олар қиындықты бір сәтте естен шығарып, өмірге жаңаша оң көзқараспен қарап, ойша жағымды жағдайларды ойлап жүреді. Мұндай терапиялық тренингтер жазасын өтеуші азаматтардың ой-санасын өзгертіп, оң мінезді қалыптасуына әсері мол дейді,-мекеме психологы Шынар Көлбаева.


№60 мекеме баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: