Жұма, 27 желтоқсан, 08:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандармен психологиялық тренинг өтті

17.05.2023

735 0

Қылмыстық-атқару жүйесі саласының ҚАЖД –ға қарасты № 68 мемелекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан жандарға Жастар ресурстық орталығынан арнайы шақыртылған психолог маманы Гүлжайна Ғабитқызы тренинг өтті.
Іс-шара мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілері арасында жүргізілді.

Мақсаты: сотталғандарды күнделікті шындықтан алшақтауға, қорқыныштарын жеңуге, кешендерді жеңуге және өз таланттарын ашуға мүмкіндік беру болып табылады.

Осы орайда, олар ақ парақты пайдалана отырып, ешқандай желімдерді қолданбай арка жасау керек болды.

Тапсырманы орындау үшін қатысушылар тереңірек ойланып, бір-бірімен ақылдаса отырып, үш түрлі нұсқадағы арканың макетін жасап шықты.

  • Маған бүгінгі тренинг қатты ұнады. Өзімді бостандықта жүргендей сезіндім. Өйткені, бостандықтағы мамандығым құрылысшы болатын . Студент кезімде әртүрлі сызбалар сызып, макеттер құрастырдым. Сондықтанда, бүгінгі жұмыс барысында бір сәтке болса да, күнделікті тұманды ойлардан арылып, өзімнің кәсіби талантыма ерік бердім. Нәтижиесі жаман емес сияқты – деді, өзгелерден бұрын жұмысын аяқтаған Н.есімді сотталған.

Келесі тренинг шарты бойынша, қатысушыларға қалам мен қағаз ұсынылып ағаштың суретін салу міндеттелді.

Бұл талап бойыша сотталғандардың бірі тамырын тереңге салған мәуелі бәйтеректі салса, енді біразы жеміс ағаштарын бейнеледі.

Қатысушылардың жүмыс барысын сырттай бақылаған маман:

  • Енді осы салған суреттеріңізге отбасына оралғандағы орындаймын деген мақсаттарыңызды жазып шығыңыздар. Бұл сіздердің «Арман ағаштарыңыз» Ал, армандар орындалады. Ол үшін тек сіздердің тараптарыңыздан талпыныс, қажыр-қайрат пен сенімділік керек- деді, Гүлжайна Ғабитқызы.

Қамаудағы бұл топ азаматтары « Арман ағашында» әртүрлі мақсат тілектерін жазған. Барлығына ортақ мақсат- отбасын бақытты ету үшін адал жолмен ақша тауып, белгілі бір кәсіппен айналысу.

Бірінің арманы ата- анасын Меккеге апару болса, енді бірі- қызымның чемпион болғанын көргім келеді десе, біразы ата- ана , бауырларымен үлкен үй салып алып, жаңа шаңырақта бақытты өмір сурсем деп жазған.

Қалай болған күнде де бұл іс-шара сотталғандардың армандарының орындалуына үміт сыйлап, сенімдерін арттырған тренинг болды.

Сотталғандармен психологиялық тренинг өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: