Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандармен танымдық кездесу өтті

14.11.2024

234 0


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде жазасын өтеушілермен арнайы шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада Дін істер басқармасының теологы Нарымбетов Олжас Жақыпбекұлы мен Опабек Асылбек Ерланұлы «Салт дәстүр мен дін сабақтастығы» тақырыбында лекция оқып, жазасын өтеп жатқан азаматтарға рухани-ағартушылық түсінік берді.
Кездесу барысында теологтар діни ілімдер мен ұлттық салт-дәстүрлердің үйлесімін түсіндіріп, исламның негізгі құндылықтарын, оның адамгершілік және қоғамдық тұрақтылыққа қосар үлесін атап өтті. Сонымен қатар, дәстүр мен діннің арасындағы тығыз байланыстың маңыздылығына тоқталып, олардың адам өміріндегі орны мен рөлі туралы сөз қозғады.
Дін мен дәстүрдің сабақтастығы туралы ақпарат берудің басты мақсаты – сотталған азаматтарға өздерінің рухани өмірін қайта қалыптастыруға және қоғамға қайта бейімделуге көмектесу болды. Бұл шараның мәні жазасын өтеп жүрген азаматтардың діни сауаттылығын арттырып, оларды құқықтық және адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуде ерекше рөл атқарады.
Теолог мамандар дін мен ұлттық мәдениеттің, салт-дәстүрлердің адамдардың рухани тұрғыдан қалыптасуына қалай ықпал ететінін нақты мысалдармен түсіндірді.
Іс-шара соңында сотталған азаматтар теолог мамандарға сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
– Бұл іс-шара біз үшін үлкен маңызды шара болды. Мамандармен кездесіп, сөйлесу арқылы рухани деңгейіміз көтеріліп, болашаққа жоспар құруымызға, қоғамға пайдалы азамат ретінде қайта оралуымызға көмектеседі. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз,-деді сотталған азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: