Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандармен тренинг өтті

03.03.2022

894 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Тәрбиелеу процесінің бір бағыты мекеменің психологымен сотталғандар арасында әртүрлі тренингтер өткізу болып табылады. Мекеме психологы Кеңес Салтанат 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай сотталғандар арасында психологиялық тренинг өткізді.

Шара барысында психолог маман сотталғандардың бір- біріне құрмет көрсетуін, мейірімділік, адамгершілік танытуы, ата-аналары мен туған – туыстарына сезімдерін білдіруі тұрғысында дәріс оқыды. Одан соң оларға «Қуыршақ» терапиясын жүргізіп, яғни сурет салып өз ойларын ішкі жан-дүниесін сурет салу арқылы білдірді.

«Мекемедегі сотталған азаматтар өз ойларын, ішкі жан дүниесін психологтармен, яғни, бізбен сөйлесу арқылы білдіріп отырады. Бұл азаматтармен тренинг өткізу, олардың өзіне деген сенімділігін, өмірге деген құштарлығын оятады. Жаза басып жаңылғандарға сенім беріп, өмірге оң көзқарасын қалыптастыру біздің міндетіміз», – деді психолог Кеңес Салтанат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: