Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандармен тренинг өтті

09.06.2022

1023 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің психолог маманы Ақгүл Аманованың ұйымдастыруымен сотталғандар арасында «Агрессияны басу» тақырыбында тренинг өтті.


Тренингтің мақсаты- сотталғандар арасындағы агрессияны болдырмау, олардың өзіне деген сенімділігін арттыру, бір –біріне теріс әсер етпеу үшін өз эмоцияларын тежей алуы тұрғысында психологиялық көмектер беру.


Тренингке арнайы Қызылорда облысы дін істер басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның аға маман психологы Қ.Қойшыбаева шақырылды.


Тренинг барысында психолог маман Қ.Қойшыбаева сотталған азаматтарға адамның ашуын келтіретін жағдайларға тап болған кезеңінде қалай сабыр сақтауға болатынын, ашуды ақылға жеңдіріп, жеңіл қабылдауға, барлығының да өткінші екендігіне өзіңізді сендіре біліңіздер және ішкі мазасыздықтан арылуға көмек беретін әртүрлі істермен шұғылданыңыздар деп кеңес берді. Шара соңында жазасын өтеушілер мамандарға сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.


  «Тренингтер арқылы сотталғандардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, психологиялық тұрғыдан қоғамға пайдалы көзқарасты болуға және қоғамдағы әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Жаза басып жаңылғандарға сенім беріп, өмірге оң көзқарасын қалыптастыру, психологиялық көмек көрсету біздің міндетіміз»,- деді мекеме психологы Ақгүл Қанатқызы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: