Жұма, 27 желтоқсан, 14:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталушыға ішімдік апарған азаматқа шара қолданылды

31.01.2024

567 0

Сурет: қаж

Күн өткен сайын жазасын өтеушілерге заңсыз “сыйлық” жасағысы келетіндер көбейіп барады. Бұл жолы қолға түскен «олжа» спирттік ішімдік. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің №1 бақылап өткізу бекетінде ҚР КҚ-нің 106-бабының 3-бөлігімен 9 жылға сотталған А. есімді азаматқа ұзақмерзімді кездесуге жақындары алып келген сәлем-сауқатты тексеру барысында «Макси чай» сусынының ішіне спиртті ішімдік құйып алғаны мәлім болды.
Тыйым салынған заттардың түрмеге еніп кетуін болдырмау үшін орнатылған рентген аппараты жеткіліксіз. Сол себепті, мекеменің режим бөлімінің жедел уәкілі С.Омаров әр келген сәлемдемені арнайы құралдары арқылы тексереді. Анықталған спирттік ішімдік те дәл осылай тексеру нәтижесінде белгілі болған.
– Орын алған әрекет бойынша Н. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды, – деді мекеменің жедел бөлімінің жедел уәкілі С.Омаров.
Талай адамның түбіне жеткен ішімдік дәмін татқанның жанын азапқа салатыны сөзсіз. Соған қарамастан, «абақтының арғы жағына алып кірем» деп темір торға тоғытылғандардың санында есеп жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: