Жексенбі, 24 қараша, 19:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Сотталушыға «Қақпа алдында кездесу» шарасы өтті

15.01.2024

490 0

Абайсызда немесе қасақана жағдайда қылмысқа барып, сотталған азаматтардың босатылғаннан кейін олардың қоғамға қайта бейімделуі үшін «Қақпа алдында кездесу» шарасы өтеді.

Осыған сәйкес Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы «Д» есімді азамат жаза мерзімінің аяқталуына байланысты мекемеден босап шықты.

Алдымен мекемеде «Қақпа алдында кездесу» шарасы ұйымдастырылып, оған Қызылорда қалалық пробация инспекторы әділет капитаны Н.Көшекбаев, Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу оңалту орталығының маманы Нуртаева Раушан, Мансап орталығының маманы Д.Әбдібек пен мекеме психологы А.Аманова және САӘПТЖЖБ-нің босатылатын сотталғандардың тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөніндегі инспекторы әділет аға лейтенанты Ж.Арыстанова қатысты. Олар сотталушыға босатылғаннан кейін жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмек пен құқықтық көмек және пробациялық бақылап-қадағалау мәселесі бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қажетті ақпаратты алған сотталушы азамат мекеме әкімшілігіне және келген мамандарға өз ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар мекеме әкімшілігі мен тәрбие бөлімінің қызметкерлері заңға сәйкес сотталушыны жол қаражатымен қамтамасыз етіп, жеке куәлігі мен жол парағын беріп, автобекеттен шығарып салды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: