Сенбі, 21 желтоқсан, 22:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталушыларға  «діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында шара өтті

25.04.2024

383 0

 «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі, журналист-теолог Салтан Сәкен Сайранұлының  қатысуымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен  «Діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті.
Діни сауаттылығын арттыру, теріс діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатын көздеген іс-шараға 30-ға жуық сотталған  қатысты. 
         Кездесуде Сәкен Сайранұлы дін туралы, діни радикализм туралы сөз қозғап, жазасын өтеушілерге  маңызды пікірлер айтып, дәріс оқыды.
        – Бүгінгі кездесуде діни танымдық уағыздар тыңдап, керемет әсер алдық. Өз сауалымды да  қойып, теолог тарапынан тұшымды жауаптар берілді. Барлығын қарапайым тілде өмірмен байланыстыра отырып түсіндірді. Осы іс- шараны ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғысымыз шексіз, – дейді сотталған азамат.
         Кездесуге қатысушы сотталған азаматтар өздерінің қызығушылықтарын білдіріп, пікір алмасып,  сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: