Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сот жүйесінде ашықтық бар

29.07.2024

325 0

       Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң реформалар жүргізу кезінде сот билігінің  мәртебесі мен өзекті рөлі мемлекеттің саяси және құқықтық жүйесінде заңды түрде танылып, құқықты мемелеке талаптарына сәйкес келетін сот жүйесін құруға бағыт алынды.  Біздің мемлекетте сот жүйесін құру кешенді сипаттағы ұйымдастырушы және құқықты шаралармен жүргізілді.

       Қазіргі күндері сот жұмысының жариялылығы мен ашықтығына басар назар аударылып келеді. Қарапайым халықтың сотта қаралып жатқан істері бойынша мол мағлұмат алуына қолайлы жағдай жасалды. Бұл орайда мерзімдік басылым өкілдері сот отырыстарына қатысуына мүмкіндік бар Нәтижесінде халық әрбір қаралған іс бойынша жан-жақты мәлімет алуына болады.  Осы орайда сотта  атқарылып жатқан барлық іс-шаралар қоғам назарынан тыс қалмайды. Олардың басым бөлігі республикалық және жергілікті деңгейдегі газет-журнал беттерінде, интернет-сайттарда, телерадио және желілерінде кеңінен жарияланып тұрады.

         Демократиялық қоғам құрудағы негізгі талаптың бірі- әділ сот төрелігі.  Сол арқылы елімізде тұратын әрбір азаматтың бұзылған құқығын қалпына келтіріп, олардың мүддесін қорғауға жол ашылады. Әрине сот төрелігіне екі тарапта жүгінеді. Әділтіктің ақ туын желбірете отырып, жәбірленуші тараптың мүддесін қорғауға назар аударылады.

        Ашығын айтсақ, сот жүйесінің беделі халықтың оған деген көзқарасынан айқындалады. Жалпы халық үшін соттың жұмысы қолжетімді болуы қажет екені белгілі. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Сондай-ақ мемлекет тарапынан судьялардың кәсіби деңгейін арттыра отырып, олардың біліктілігін көтеруге барынша көңіл бөлініп келеді.  Бүгінгі таңда сот жүйесі өз қызметін жетілдіруде көптеген жетістіктерге жетті.

                                                                         А.Нешжанова

                                                   Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: