Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 01:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жемқорлық індет – болдырмау міндет

20.10.2023

771 0

Ағымдағы жылдың қазан айында, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» мақсатында, Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің және Шиелі ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жеке құрамының қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді, сыбайлас жемқорлық қылмыстың қауіптілігін және себебін түсіндіру бойынша іс-шара өтті.

          Кездесудің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті арттыру, «Күз-2023» әскерге шақыру науқаны кезеңінде құқықбұзушылықтарды алдын алу.

          Тиімді іс – шаралар арқылы заңбұзушылықты алдын алып, атап айтқанда «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Ресупбликасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №722 бұйрығы, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскри есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығы талаптарының бұзылмауына және қылмыс пен құқықбұзушылықтарға жол бермеуіміз керек. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелін болдырмау және азаматтардың Қарулы Күштерге деген сенімін көтеру басты мақсат.        

Бақтияр Дәуренқұлов 

майор

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету

жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы

                          

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: