Қызылорда облысының оқу орындары арасында «Есірткіден аулақ бол!» тақырыбында баннерлер байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық проблемасын және сайыскерлердің нашақорлық проблемасын қолжетімді ақпарат ұсыну арқылы баяндау мүмкіндігін түсіндіру. Аталған сайысқа 36 оқу орны қатысты. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, баннерлерде нашақорлық мәселесін көрсете алды. Сондай-ақ жастарды есірткіден аулақ болуға шақырды.
Қазылар алқасының шешіміне орай 17 қатысушы өңірлік жеңімпаз деп танылды. Атап айтсақ, облыстық жеңімпаздар – Арал ауданының №260 орта мектебі – 1 орын, Шиелі ауданының №46 мектеп – лицейі – 2 орынды жеңіп алды. Ал 3 орын Қазалы ауданының №234 орта мектебі қанжығасына байлады. Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!