Дүйсенбі, 25 қараша, 15:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Гендірлік теңдік стратегиясы – ерлер мен әйелдер теңдігі

13.02.2023

971 0

Гендірлік саясат-қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Әйел құқығы-ол адам құқығы, гендірлік тендік әйелдердің әлеуметтік,экономикалық, мәдени, азаматтық және саяси мәртебесін белгілейді.

Гендірлік саясаттың негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен еркіндігін айқындайды.

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Біздің ел гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында айтарлықтай қадамдар жасады, себебі гендерлік саясат – бұл ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Егер саяси және қоғамдық өмірде, соның ішінде шешім қабылдау деңгейінде әйелдерді қатыстыруды арттыру туралы айтсақ, бұл сұрақ гендерлік теңдік стратегиясында өз жауабын тапты. Қазақстанның гендерлік саясатының ерекше өзгешелігі – гендерлік жобалардың бастамашысы бірінші кезекте гендерлік даму саласында алдын алу және озық шараларын қабылдайтын мемлекет болып табылады.         Қазақстан тәуелсіздік жылдардың ішінде сонымен бірге ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында нақты жетістіктерге жетті.

Гендерлік саясаттың Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатысы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Осыған орай, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен азаматтардың құқықтық сана-сезімін арттыру мақсатында «Ашық есік күндері» акцияларын өткізу, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша брифингтер, дәрістер, семинарлар өткізу жолымен жүйелі түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

М.Наршаева,

Қызылорда облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: