Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Кассациялық сот сатысы

20.12.2024

150 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Кассация – латын тілінің quasso – талқандаймын, қиратамын, cassatіon – жою, бұзу – деген мағынаны білдіреді. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде жаңа сот сатысы қолданысқа енеді.

Кассациялық сот – сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайды. Сот практикасын зерделейді және төмен тұрған сот сатыларының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарастырады.

Жалпы, кассациялық соттардың құрылуы кезінде олардың тиімді жұмыс істеуі, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екендігі қарастырылады.

Атап айтқанда, негізгі бастама ретінде кассациялық сот құру басты назарда тұрғаны сөзсіз.

Жаңа сот сатысы 2025 жылы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша құрылып, апелляциялық сот алқасының қабылдаған актісі негізінде істерді қайта қарайды.

Ал алдағы уақытта кассациялық саты сотын тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға мүмкіндік болады. Президенттің кассациялық саты сотын құру туралы ұсынысы қазір қоғам тарапынан қызу талқылануда.

  Сондықтан, кассациялық саты сотын құру еліміздегі сот жүйесінің дамуына өз үлесін қосып, халықтың сот әділдігіне деген көзқарасын дұрыс жағына өзгертіп, сенімін арттырады.

Б.Ердәулет

Қызылорда қаласының мамандандырылған                                                     тергеу сотының жетекші маманы 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: