Бейсенбі, 26 желтоқсан, 22:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Көп балалы ананың мәселесі сотпен шешім тапты

12.12.2022

1025 0

Қызылорда қаласының тұрғыны, көп балалы ана (талап қоюшы) 2013 жылғы 31 қаңтардағы өтініші бойынша «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көпбалалы отбасылар тобына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне қойылған. 2017 жылы талап қоюшының некедегі жұбайына кезегі бойынша 840 шаршы метр жер учаскесі тұрғын үй салу үшін үш жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен беріліп, ол 12 шаршы метр тұрғын үй құрылысын салып, объект мемлекеттік тіркеуден өткен.

2021 жылғы Қызылорда қалалық тұрғын үй беру комиссиясының шешімімен жолдасына тұрғын үй тіркелуіне байланысты талап қоюшы тұрғын үй алу кезегінен шығарылып, аталған шешімді заңсыз деп танып, тұрғын үй кезегін қалпына келтіру туралы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінген. Жауапкер Қызылорда қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі сотқа ұсынған қарсы пікірінде талап қоюшының жұбайының атына тұрғын үй тіркелгендіктен талап қоюшы жеңілдіктен айырылып, кезектен шығарылғанын, сол себептен талапты мойындамайтынын көрсетті.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 75-бабының 1, 5-1 тармақтары бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме берiледi. Сот зерттеуі барысында талап қоюшының жұбайының жер учаскесіне салынған уақытша тұрғын үйінің көлемі 12 ш.м. құрайтынын, тұрғын үй комиссиясы талап қоюшының тұрғын кезегінен шығару мәселесін қараған кезде оның жұбайының жеке меншігіне тіркелген тұрғын үйдің құқық белгілеуші құжаттарын сұратпағанын және жеке меншігіне тіркелген тұрғын үйдің алаңын зерттемегенін ескеріп, талап қоюшының отбасында жеті баласы бар, яғни жоғарыда аталған заң нормасымен бекітілген талаптарға сәйкес тұрғын үй комиссиясының бұл негізге алған тұрғын үйдің көлемі бір адамға тиесілі көлемге жетпейтітінін уәждеп, комиссия шешімінің күшін жойып, талап қоюшының тұрғын үй алу кезегі қайта қалпына келтірді. Сот шешімі заңды күшіне енген.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: