Жұма, 27 желтоқсан, 10:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік тіл мәртебесі

12.04.2023

1204 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Тіл мәселесі – қай кезде де, қандай болмасын қоғамдық құрылыс тұсында да тұғырынан түспеген, әлі де түспейтін толғақты тақырыптардың бірі. Өйткені,  тіл – ұлт ұғымын анықтайтын алғышарттардың айрықшасы, әрі асқағы. 

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру-тек мемлекеттік қызметкердің ғана емес, барша қазақстандықтарға ортақ міндет. Әрбіріміз ана тіліміздің айыбын көтеруде белсенділік танытуымыз қажет. Оны жүзеге асырамын деген азаматқа аса салмақ түсе қоймайды. Қарапайым қоғамда қазақ тілінде сөйлеп, іс қағаздарды да осы тілде жүзеге асырсақ, мемлекеттік тілдің мәртебесі өздігінен арта берері сөз. Бұл-біздің негізгі тірегіміз.

 Қазақстандықтардың ертеңгісі мен бүгінін айқындайтын, тамырын түбегейлі жайып оның мықты болуына ықпал ететін тіл жағдайының түзелуіне әртүрлі қадамдар жасалып жатыр. Оның әрі қарай жалғасы болу үшін, барлық мекемелерде іс-қағаздары толық мемлекеттік тілде жүргізіліп, бұл жұмыстың тұрақтылығы қадағаланып отырылуы қажет. Тіліміз тарих тереңіне бойлаған кәусар бұлағына сусындаған рухани әлеміміздің сарқылмас қазынасы. Сондықтан, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданылу аясын кеңейте түсу қажеттігі заңды құбылыс. Осыған орай,  мемлекеттік тілде сөйлеу, хат алмасу, тек қана мемлекеттік қызметшінің парызы емес, бүкіл Қазақстандықтың міндеті.  Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты мемлекет өз тарапынан жасалуға тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр.

Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Ең бастысы –қай жерде болсын, өз тілімізді өзіміз дәріптеуіміз, мадақ етуіміз керек. Сонда ғана туған тілін сыйлай білетін ұрпақ тәрбиелей аламыз.

 Мемлекеттік тіл – тек қазақтың тілі емес,  Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ұлтаралық ортақ тіл. Қазақстан Республикасында тұратын таза ниеті бар әрбір азамат, мемлекеттік қазақ тіліне өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.

О.Хабиев,

  Қызылорда облысының

  мамандандырылған

ауданаралық экономикалық

сотының бас маманы                        

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: