Жұма, 27 желтоқсан, 02:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мен басқаның көзімен кіммін?

16.02.2023

497 0

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда қаласындағы  №68 мемлекеттік мекемесінің   аға психологы  Айзат Мырзалының ұйымдастыруымен шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында «Мен басқаның көзімен кіммін?» атты тренинг өтті.

Аталған шараға ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінің  тәжірибиелі психологы А.Аманова мен №60 мекеме психологы Ш.Көлбаева   қатысып, жазасын өтеуші азаматтарға психологиялық жаттығулар жүргізді. Сондай-ақ олардың көкейде жүрген сауалдарына жауап берді.

Семинардың негізгі мақсаты – жазасын өтеушіні  өмір сүруге талпындыру, бақытты болу үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға,  жеке қасиеттерін білуге тәрбиелеу.

– Өздері туралы өзгелерден жақсы сөз естіген сотталғандар көңілденіп,  алдағы өмірлеріне позитивті көзқараспен қарап, бостандыққа деген сенімділіктері артты, – деді әділет капитаны Айзат Мұхамедиярқызы.

Жазасын өтеуші азаматтар тренинг соңында,  бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп, бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: