«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының кызметкерлерімен №78 «Маңғыстау-Алматы» бағытындағы жолаушылар поезның №08 вагонда Маңғыстау станциясынан Алматы станциясына дейін жол жүріп бара жатқан 1999 жылы туылған Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының халықтық көші-қоны заңнамасын бұзғанын анықтаған.
Аталған құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігіне сәйкес, Шетелдіктің заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінгені ҚР халықтық көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған құқықбұзушыға 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!