Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Оқшауланған аймақтағы сотталғандардың психологиялық жай-күйі зерделенді

11.04.2023

569 0

Қызылорда облысы ҚАЖД-ға қарасты № 68 мекемесінде сотталғандармен психологиялық жұмыс жүргізу барысында,қамаудағылардың  жеке басына пенитенциарлық ортаның әсері және психодиагностикалық, психопрофилактикалық, тәрбие жұмыстарын жүргізуде әртүрлі тәсілдерді қолданады. 

Осыған орай  мекемеге  «Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының психолог кеңесшісі Аяғанова Алмагүл Жанділдәқызы арнайы шақыртылды.

 Тәжірбиелі маман психолог   Аммон сынамасының көмегімен  оқшауланған аймақта  жазасын өтеп жатқан  5 сотталушы тұлғаның психодинамикалық құрылымын арнайы дайындап әкелген тест тапсырмалары арқылы  зерттеп  білді.

– Адамды түзеу оңай іс емес. Майысқан темірді немесе қисық өскен талды түзетуге болады.  Ал түрлі қылмыс жасағандардың, әсіресе,  экстремизм- тероризм баптары бойынша сотталған азаматтардың  сана-сезіміне саңлау түсіру, тәрбиелеу, өмірге деген көзқарасын өзгерту өте ауыр жұмыс. Олар сот шешімін естіген соң, өте агрессивті, ашуланшақ болады. Сондықтан бұл жерде психологиялық қолдау маңызды. Біз олардың эмоциялары мен сезімдерін дұрыс түсініп одан әрі бейімделу процесіне дайындауымыз керек. Міне,  осы мақсатта бүгін білікті маман Алмагүл Жанділдәқызы  оқшауланған аймақта ұсталынатындарға 1997 жылы Г. Аммон әзірлеген динамикалық психиатрия тұжырымдамасы аясында тест тапсырмаларын орындатты. Тест психикалық денсаулықты бағалау үшін  жүзеге асырылды.  Алынған тест нәтижиесінде, алдағы уақытта  осы 5 сотталған азаматпен әрі қарай, жеке-жеке психологиялық жұмыстар жүргізілетін болады, – дейді АКАӘПТЖБ-нің аға  психологы, әділет капитаны Айзат Мырзалы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: