Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық пробация қызметкерлері аудандық прокуратурамен бірлесіп «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес, есептегі сотталғандарды жұмысқа тарту мақсатында бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Аталған шара кент орталығындағы «Ордакент» ардагерлер үйінде өтті.
Жәрмеңкеге аудандық прокуратура, пробация қызметінің жеке сот орындаушылары мен ауданның 17 жұмыс беруші мекемесі қатысты.
Бұл шарада жұмыссыздарға 46 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыс іздеушілердің басым бөлігі аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар мен алимент бойынша берешектері бар жұмыссыз азаматтадан құралды. Жәрмеңкеге пробация есебінен 5 адам қатыстырылды. Соның ішінен 2 азамат «Айдархан» шаруа қожалығына тұрақты жұмысқа орналасты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!