Сейсенбі, 19 қараша, 15:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қарулы күштердің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі мемлекеттік наградаға ие болды

26.09.2022

686 0

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Александр Аликович Флейтлинг «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Биылғы қыркүйек айындағы Қостанай облысында болған өртті жою кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне Қарулы күштердің әскери қызметшілері де елеулі көмек көрсетті. Олардың арасында «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімінің жауынгері Александр Флейтлинг те бар еді.

Қауіп-қатерге қарамастан, ол төрт күн бойына әскери инженерлік техникамен тілсіз жаудың таралуына қарсы тұрып, өртке қарсы бірнеше арықтар жасады.

Абай облысы Үржар ауданының тумасы он сегіз жасар Александр Флейтлинг төрт ай бұрын Қарулы күштер қатарына шақырылған болатын. Бүгінде Қарағанды гарнизонындағы әскери бөлімде материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонында қызмет етеді. Ол ауылда туып-өскен. Жергілікті ауыл шаруашылық колледжінде оқып, механизатор мамандығын алған.

 – Әулиекөл ауданына екінші қыркүйекте келдік. Өрт өте ауқымды болды. Барлық жер отқа оранды. Бірнеше күн қатарынан жұмыс істедік. Тілсіз жауды ауыздықтау қиын болды. Армияда алған тәжірибемді өмір бойы есте сақтаймын. Өз борыштарын ерлік пен орындаған барлық жігіттерге рахмет, – дейді қатардағы жауынгер Александр Флейтлинг.

Әскери бөлім басшылығы мемлекеттік наградадан бөлек сарбазға он тәулік мерзімге қысқа мерзімді демалыс берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: