Дүйсенбі, 25 қараша, 10:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ қызметкерлері оқушыларға мамандық таңдауға көмектесті

23.02.2023

405 0

ҚР Конститутциясының 24-бабына сәйкес, «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп ету еркін таңдауына құқығы бар». Алайда еліміздің жас жеткіншектеріне дұрыс жөн сілтеп, кәсіби бағыт бағдар берілмеудің кемшілігінен кейде, қолында дипломы бар азаматтар, жұмыссыз жүр.

Міне, осы орайда Қызылордадағы  №68 мемлекеттік мекесі (тергеу изоляторының) кадр саясат тобы ҚАЖ қызметі саласына жұмысқа  тарту және қоғамда имиждік сипатты арттыру  мақсатында іс- шара ұйымдастырды.

Шара аясында мекеменің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі аға инспекторы, әділет капитаны М.Тұрымбетов пен РжКБ-і бастығының орынбасары, әділет капитаны Е.Романкулов қаладағы  №211, №113 орта мектептерге барып, бітіруші сынып оқушыларымен кездесті.

 Кездесу барысында капитан Е.Романкулов ҚАЖ саласы,  соның ішіндегі тергеу изоляторы қызметінің өзіндік ерекшеліктері, ондағы талап пен қатаң тәртіп жайлы баяндап берді. Ал, М.Тұрымбетов  болашақ мектеп бітіруші түлектерді арнайы оқу орнынан білім алуға шақырып, нақты кәсіби бағдар беру бойынша әңгімеледі.

Түлектер арнайы қызметтік формадағылардың әңгімесін қызыға тыңдады. Өйткені бұл кездесуден  оқушылар   ҚАЖ қызметі жайлы ғана емес,  өмірден өз орнын тапқан  қос азаматтың жүйелі әңгімесі мен сөз саптауы, өз-өздерін ұстауы мен  түр-тұлғасын көріп, біліп үлгі алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: