Қызылорда қаласының ҚАЖ қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін адал атқаруға психологиялық әзірлігі болмаса, жұмыс барысында толымды нәтижелер күту қиын.
Қаладағы №68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясат тобы жеке құрамның моральдық-психологиялық жағынан мықты болуын қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырады.
Жуырда жұмысқа қабылданған жас мамандарды қызметтік жаңа жағдайларға кәсіби тұрғыдан және әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне көмек көрсету үшін Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Гүлжайна Ғабитқызы арнайы шақыртылды.
Шара барысында алдымен «Сәлемдесу» тренингі өтті. Мақсаты: Жеке басын таныстырып, бойындағы жағымды қасиетін айтуға үйрету. Бұл ойында олар өз-өздеріне деген сенімділігін арттырып, тұлғалық қасиеттерін дамытты.
Одан кейін «Құбыр» «Жемістер» жинау ойындарын ойнап шықты.Қызметкерлер барлық ойындарға белсене қатысып, эмоционалдық тұрғыдан сергіп қалды.
– Мұнан бөлек, қызметкерлердің қызмет атқару барысындағы психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін және жүйке жүйесінің тұрақтылығын, шыдамдылығын анықтап, оларды жеке-жеке қабылдап, кеңес беру жұмыстарын жүргізді, – деді кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет капитаны М.Тұрымбетов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!