Сәрсенбі, 28 тамыз, 06:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68-2078
27.08.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада әйелдер арасында психологиялық тренинг өтті

27.08.2024

100 0

         Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде тәрбие және кадр жұмысы мамандарының ұйымдастыруымен «Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру» мақсатында жеке құрам қызметкерлерінің келіншектері арасында психологиялық тренинг ұйымдастырылып, шараға арнайы «Анаға тағзым» орталығының медиатор маманы Жанна Мирамбекқызы шақыртылды.

         Трененинг барысында, эмоциясын қалыпты ұстау мақсатында келіншектер өз актерлық шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, ақ парақ бетіне өздерінің бейнесін салып, өздерінің жақсы және жаман қасиеттерін бір-біріне ашық айта білді.

         Өткізілген шара арқылы қыз-келіншектер өз ойларын ашық жеткізу мен қатар, тұрмыс-тірлішілікті бір сәтке ұмытып, ой сергітіп, көңіл күйлерін көтерді. Мекемеге келген жеке құрам қызметкерлерінің келіншектері «Анаға тағзым» орталығының медиатор маманы мен мекеменің кадр маманы әділет капитаны Шахи Динараға өз алғыстарын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: