Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық кәсіпкерге аукционға қатысуға негізсіз кедергі келтірген

26.04.2023

332 0

сурет ашық дереккөзден алынды

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер жер учаскесін алу үшін аукционға негізсіз қатыспағаны  жөнінде өтініш білдірді.

Аталған мәселе бойынша кәсіпкер ақпан айынан бастап өтініш білдірген. Алайда уәкілетті орган кәсіпкердің құжаттары толық еместігін алға тартып аукционға қатыстырмаған.

Департамент араласуымен тиісті орган мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде аукционға қатысу талаптары мен кәсіпкер өтініші қайта қаралды. Түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша, кәсіпкер мәлімдеген жер учаскесі сауда-саттыққа (аукционға) шығарылатын жерлер тізіліміне енгізілді. Осылайша кәсіпкер мамыр айында өткетін аукционға қатысуға мүмкіндік алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: