Қызылорда қаласы ПБ-ның қызметкерлері ұрлық және алаяқтық қылмысына күдіктелген 21 жастағы азаматты ұстады.
Оқиға 1 тамыз күні қала аумағындағы түнгі клубтардың бірінде орыналған. Күдікті пластик терезелерін сындырып, 5 дана кальян аппараттарын және 1 дана қара түсті «Asus Netro» ноутбукті ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Келтірілген шығын 750 мың теңге.
Сонымен қатар, күдікті танысының телефонын сұрап алып, банктің мобильді қосымшасын пайдалану арқылы 100 000 теңге көлемінде заттай несие рәсімдеп, қолма – қол ақшаға аударып алған.
Күдікті азамат қақатысты ҚР ҚК-нің 188 – бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша және ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!