Дүйсенбі, 25 қараша, 07:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі оқшауланған аймақтағы сотталғандармен кездесті

03.03.2023

762 0

Қызылорда қаласындағы № 68 мемлекеттік мекемесіне (тергеу изоляторына) Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының  мүшесі,  Ақтөбе қаласы мешітінің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев келді.

Осыған орай мекеменің АКАӘПТЖБ-нің  қызметкерлері мекеме қамауындағы экстремизм-террроризм  бабы бойынша істі болып, жазасын өтеп жатқан азаматтармен  кездесу ұйымдастырды.

 Басты мақсаты – оқшауланған аймақтағы сотталған азаматтардың  діни сауат­тылығын арттыру, оларға  мәдени мұра мен дәстүрді насихаттау,  діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.

Кездесу барысында Нұрлыбек Шахизадұлы  діни экстремизм және терроризм идеяларын таратпау үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни, сотталғандармен терроризм идеологиясының алдын алу, рухани-адамгершілікті жетілдіру тақырыбында  әңгіме өрбітті.

Діни маман өз әңгімесін, деструктивті діни ағымдардың қоғамға, жеке адамның тұлға болып қалыптасуына тигізетін кері әсері және зардаптары жайында жан-жақты терең біліммен қамтылынған, мазмұнды түрде, мысал келтіре отырып баяндап берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: