Сот әділдігі – Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің негізгі принциптерінің бірі. Азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау соттың әділ шешім қабылдауына тікелей байланысты. Сол себепті кассация институты сот жүйесінде ерекше рөл атқарады, себебі ол сот актілерінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін қамтамасыз етеді.
Кассация ұғымы
Кассация – заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау тәртібі. Кассациялық сатыда сот іс материалдарын жаңадан тексермей, тек құқық нормаларының дұрыс қолданылуын және процессуалдық талаптардың сақталуын бағалайды. Бұл институт сот шешімдерінде заңдылықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.
Кассациялық тәртіптің ерекшеліктері
Кассациялық тәртіп апелляциялық сатыдан мынадай айырмашылықтарға ие:
• Іс жаңа дәлелдермен толықтырылмайды;
• Куәлар қайтадан сұралмайды;
• Сот тек құқықтық баға береді, яғни сот актісінің заңдылығын тексереді;
• Кассациялық шағым қатаң процессуалдық талаптарға сай қаралады.
Кассацияның құқық қорғаудағы маңызы
Кассациялық тәртіп азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды тетігі болып табылады. Ол:
• сот актілерінде құқық бұзушылықтардың болуын анықтайды және түзетеді;
• азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды;
• заң үстемдігін қамтамасыз етеді;
• сот практикасының біркелкілігін сақтай отырып, әділ сот төрелігін нығайтады.
С.Қыпшақбаева,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
