Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сот кабинеті – сіздер үшін

27.03.2023

525 0

Біз бүгін баршамыздың өмірімізді де, жұмысымызды да, күнделікті қарым-қатынасымызды да түбегейлі өзгеріс үстіндеміз. Себебі цифрлық жүйеге қадам басқан әлемдік даму үдерісіне еліміз әлдеқашан еніп қойды. Алайда қағаздан арылып, электронды құжат айналымға көшкенімізбен, әлі күнге дейін ескі жүйенің тасасында қалып, құжатпен мекемелердің табалдырығын тоздырып жүрген отандастарымыз жетерлік. Негізінен интеграцияланған электронды құжат айналымы – бір жағынан мекеменің жүктемесін азайтса, екінші жағынан халыққа қолайлы қызмет көрсету болып табылады.

Осы жаңашылдықтар сот жүйесіне тереңдей еніп, қазіргі таңда сот отырыстары онлайн форматта өткізіліп, құжаттар электронды түрде қабылданып, сот істері электронды форматта қаралуда. Бұл дегеніміз – артық құжаттан арылу, сотқа жүгінушілерді үйден шықпай-ақ сот отырысытарына қатыстыру дегенді білдіреді.

Енді осы жаңашылдықтардың ішіндегі «сот кабинеті» сервисін алайық. Бұл «кабинет» – сот құры­лымында қолға алынған заманауи технологиясы арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өті­ніш беруге, мемлекеттік баж салы­ғын онлайн режімде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісі­не қатысты барлық құжатты қада­ғалап отыруға болады.

Қазіргі таңда кез келген азаматтың үйінде дербес компьютері болмауы мүмкін, бірақ қолдарында гаджеттің бар екендігі ақиқат.

Сондықтан компьютер болмағанның өзінде де аталған сервисті смартфон арқылы қолдануға да болады.

Бұрын ЭЦҚ арқылы тіркелетін болса, енді авторизациядан өту және құжаттарға қол қою Egov mobile мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы мүмкін болады. Енгізілген жаңашылдық сервиспен жұмысты айтарлықтай дәрежеде жеңілдетті.

Оның өзіндік артықшылықтары да бар.

  1. eGov mobile арқылы ЭЦҚ алу;
  2. Компьютерде ЭЦҚ қажеттілігінің болмауы;
  3. Мобильді гаджеттердің қосымша параметрлерінің қажеті жоқ;
  4. Гаджет арқылы авторизациядан өту және құжаттарға қол қою.

Сондықтан Сіздерден сот органдарының тиімді қосымшасы «Сот кабинеті» сервисін қолдануға шақырамын.

Дәулет ТӨЛЕУБАЙ,

Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: