Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою»

18.04.2023

652 0

Сурет ашық дереккөзінен алынды

Соттар жыл сайын әртүрлі даулар мен мәселелерге байланысты көптеген шешімдер қабылдайды.  Солардың кейбіреулері  біздің елде тыс, шет жерлерде де талап етілуі мүмкін. Қандай да сот актісі ресми құжат мәртебесіне ие болу үшін, яғни ол шет мемлекеттерге жолданар алдында міндетті түрде заңдастырылады, апостиль қойылады. Апостиль дегеніміз-құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын  растайтын арнайы мөртаңба.  

«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде «Апостиль» бөлімшесі іске қосылған.

Сот актісі болмаған жағдайда, сот актісін қайта алуға және сот актiсiне апостиль қою бойынша өтініш беру функционалы көзделген. Сот органдары шығарған апостильді құжаттар шет елдерге жіберілуге жатады және бір жағынан мемлекет имиджінің көрінісі болып табылады.

  Сот актісін қайта алу өтініші 5 жұмыс күн ішінде бірінші сатыдағы сот тәртiбiмен қаралады. Сот органында сот актісі болған жағдайда, өтініш берушіге растау және Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеу қажеттігі туралы хабарлама жолданады.

Соттың мұрағатында сот актісі жоқ болған жағдайда, өтініш берушіге мемлекеттік мұрағат мекемесіне өтініш беру қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі.          Өтініш берушімен расталған және мемлекеттік баж төленген жағдайда, құжат Департаментке апостиль қою үшін жолданады. Ол бойынша «Сот кабинеті» сервисі арқылы өтініш берушіге хабарлама жолданады.           Онымен қатар, Департаментінің жауапты қызметкерімен түскен өтініштің орындалу қозғалысы бақыланып отырады.   Жұмыс бабында пайдалану үшін «Сот кабинеті» «Апостиль» функционалының пайдаланушының нұсқаулығы жолданады.

Г.Досан,

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

бас маманы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: