Сенбі, 16 қараша, 13:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Сот таразысы – әділдік айнасы

23.01.2023

633 0

Өткен жылы облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына – 785 талап қою түсті. Нәтижесінде 717 әкімшілік іс аяқталды. Оның ішінде 217 іс бойынша шешім шығарылған. Ал оның 162-і  қанағаттандырылған. Яғни, шығарылған шешімдердің 74% жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғаның бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүддесін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында болды.

Бұл жөнінде облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшлік сотының төрағасы Гүлжан Мырзатаева баспасөз конференциясында мәлімдеді.

  – Былтыр 403 әкімшілік талап қою қайтарылып, оның 177-і дау-дамайлар өзара шешілгендіктен қайтарылды. Сондай-ақ 95 әкімшілік іс тараптардың татуласу, медиация рәсім тәртібімен аяқталды. Татуласу, медиация рәсім тәртібімен аяқталған істердің ең көбі жеке сот орындаушылардың үлесіне тиеді. Ал соттылығы бойынша 2 әкімшілік іс жолданды. Есепті кезеңде уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғаларға қатысты 63 жеке ұйғарым шығарылып, мемлекеттік мекемелерге тиісті шара көруге берілді. Оның ішінде мемлекеттік сатып алу басқармасына қатысты – 16, қала және аудан әкімдеріне қатысты –14 жеке ұйғарым бар, – деді Г. Жалғасбайқызы.

  Сонымен қатар айта кету керек, іс қарау барысында жауапкермен соттың сұратуы бойынша құжаттарды уақытылы ұсынбауына және заңды күшіне енген сот шешімдерінің орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынбауына қатысты 16 іс бойынша жалпы сомасы 949 530 теңге ақшалай айыппұл салу туралы ұйғарым шығарылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: